Қазақстан жаңалықтары14 ақпан 2024, 11:00

Әскери колледж кадеті өзіне оқ атып, мерт болды

2024 жылдың 13 ақпанында Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжінде 1 курс кадеті тәуліктік кезекшілік міндетін өтеуге кірісу барысында бекітілген қарудан өзіне оқ атып, мерт болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінен мәлім болды деп жазады Kazinform агенттігі.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталу үстінде. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді.

«Қорғаныс министрлігінің басшылығы және Әскери колледждің жеке құрамы кадеттің отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады»,-делінген хабарламада.

әскери колледж Кадет суицид қорғаныс министрлігі

Тақырыпқа жаңалықтар