Қазақстан жаңалықтары30 желтоқсан 2023, 17:43

Астана-Көкшетау бағытында қосымша электр пойызы қатынайды

«Жолаушылар тасымалы» АҚ ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана-Көкшетау бағытында қосымша электр пойызын шығарды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен мәлім етті, - деп хабарлайды Arbat.media

«Ауа райының қолайсыздығынан көлік қозғалысының тоқтатылуына байланысты ҚТЖ жедел түрде баламалы көлік түрлерін пайдалануға мүмкіндігі жоқ азаматтарды тасымалдау үшін қосымша пойыз бөлу туралы шешім қабылдады», - делінген хабарламада.

30 желтоқсан күні сағат 17:00-де Астанадан 6831/6832 «Астана-Көкшетау» қосымша электр пойызы жолға шығады. Жолаушыларға 390 орын бөлінеді. Пойыз Көкшетаудан кері қарай сағат 22:35-те аттанады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ вокзалдар мен пойыздарда жолаушылар ағынының күрт артқанын ескере отырып, жол жүруден бас тартуды кеңес етіп, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Бұған дейін хабарланғандай, өткен түнде жолдардың жабылуына байланысты Бурабай, Елтай, Ақкөл, Шортанды, Ерейментау станцияларынан қала маңындағы пойыздармен елордаға 700-ден астам адам тасымалданды.

Астана-Көкшетау электр пойыз қосымша

Тақырыпқа жаңалықтар