Астана маңындағы Қоянды ауылына табиғи газ берілді

21 мыңнан астам тұрғыны бар елдімекен үшін от жағу, көмір тасу сияқты машақаттар артта қалды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Енді газ желісінің қауіпсіздігіне ерекше назар аударылмақ. Жасанды интеллектпен жұмыс істейтін дрондар газ құбырларындағы ақауларды жылдам анықтайды.

Бұл дрондар Қояндыдағы газ жүйесін тұрақты бақылап, кез келген техникалық ақауды дер кезінде хабарлайды.

Биыл Ақмола облысында Нұрлы, Шұбар, Аққайың, Талапкер, Ыбырай Алтынсарин ауылдарына және Қосшы қаласына газ берілді. Келер жылы Қызылсуат, Қаражар және Қараөткел ауылдарында газдандыру жұмыстары аяқталуы жоспарланған. Әлеуметтік осал топтарға газға қосылу құнына 20%-ке дейін жеңілдік қарастырылған.

Астана Қоянды газ жылыту маусымы

Тақырыпқа жаңалықтар