Астана тұрғыны ата-аналарды 152 млн теңгеге сан соқтырды

Білім беру орталығының негізін қалаушы әлеуметтік желіде Еуропадағы жоғарғы оқу орындарына түсіріп, халықаралық сертификат беретін курстарға шақырған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Алайда уәделі оқу курстары өтілмей, сертификат берілмей қалған.

Компанияның аталған қызметті жүзеге асыру үшін халықаралық аккредитациясы болмаған.

«Жәбірленушілердің бірі 3 млн теңгеге жуық шығынға ұшыраған. Сотталушының ақшаны өзінің жеке қажеттіліктеріне пайдаланғаны дәлелденді», - дейді прокуратура.

Сот үкімімен кінәлі 7 жылға дейін оқу орындарын ұйымдастыру құқығынан және 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Астана Білім алаяқ Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар