Астана тұрғыны Таиландтан әкелген заты үшін сотталды

Астана тұрғыны Таиландтан 2,9 келі гашиш майын заңсыз әкелгені үшін 16 жылға сотталды,деп хабарлайды Arbat.Media.

Астана тұрғыны Таиландтан пошта арқылы үш сәлемдемемен жалпы салмағы 2,9 келі гашиш майына тапсырыс бергені үшін 16 жылға бас бостандығынан айрылды.

ІІМ мәліметінше, полицейлер күдіктінің үйін тінту кезінде сатуға дайындалған есірткілерді, электронды таразыны, қаптама материалдарын, SIM-карталарды және ақшалай қаражатты тәркілеген. Сондай-ақ оның уақытша тұрған мекенжайынан да есірткінің тағы бір партиясы, электронды таразы, қаптама материалдары, SIM-карталар мен ақша табылған.

Жыл басынан бері көліктегі полиция есірткіге қатысты 202 қылмысты әшкерелеп, заңсыз айналымнан 172 келіден астам есірткі затын тәркілеген

полиция Есірткі Көлік Күдікті

Тақырыпқа жаңалықтар