Астана жедел жәрдем стансасының басшысы ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет астаналық жедел жәрдем стансасының басшысын ұстады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК басшысы Мұрат Оразбаев ұсталды.
«Қалған мәлімет ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жарияланбайды» деп мәлімдеді агенттіктен.
Мұрат Оразбаев 1976 жылы 9 қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Денсаулық сақтауды ұйымдастырушы-дәрігердің, токсиколог — дәрігердің жоғары біліктілік санаты және анестезиолог-реаниматолог-дәрігердің сертификаты бар.
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін», «Жедел жәрдемнің үздік қызметкері» белгілерімен марапатталған, «Құрмет» орденінің иегері.