Астанада бірқатар ұйымның жұмыс кестесі өзгереді
15 қыркүйектен бастап Астанада бірқатар ұйымдар жаңа жұмыс кестесіне көшеді. Бұл шешім көлік кептелісін азайту мақсатында енгізілуде, деп хабарлайды Arbat.Media.
Астана әкімдігі мен қалалық коммуналдық қызметтер - 7:30-да басталады;
Кейбір мемлекеттік органдар мен жартылай мемлекеттік компаниялар жұмысын 7:30–8:00 аралығында бастайды.
Жеке сектор, бизнес, мектептер, балабақшалар, ауруханалар, емханалар, ХҚО және басқа әлеуметтік нысандардың жұмыс кестесі өзгермейді.
Айта кетейік, кейбір министрліктер мен мемлекеттік органдардың жұмыс күні бұрыннан 8:00-де басталады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: