Астанада экс-депутат ақша жымқырғаны үшін сотталды
Астанада экс-мəслихат депутаты А.Беленцева мен Д.Мергенбаевқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Arbat.media.
Тергеу мәліметінше, 2020 жылы сотталғандар ТОО «Олимп Транс Сервис» атынан 23,2 млрд теңгеге Ерейментау ауданында жел электр станциясын салуға шарт жасасады. Олар жалған шарт рәсімдеу арқылы ақшаны серіктес компаниялардың шоттарына аударып, кейін қолма-қол ақшаға айналдырады. Олар келтірілген залал көлемі 8,5 млрд теңгеден асты.
«Соттың санкциясымен 13 млрд теңге тұратын мүлікке (зауыт, демалыс базасы, арнайы техника мен көлік құралдары) тыйым салынды. Сот үкімімен Беленцева кінəлі деп танылып, оған 8 жыл 6 ай, Мергенбаевқа 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», деп хабарлады ҚМА.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: