Астанада футболға Борат «бейнесінде» келген бельгиялық жанкүйерлер қамалды
Борат кейпіндегі жанкүйерлер 5 күнге қамауға алынды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Астанада бельгиялық футбол жанкүйерлері Саша Барон Коэннің «Борат» фильміндегі кейіпкері киген киімге ұқсас суға түсетін киім киіп келіп, трибунада отырған. Осы әрекеттері үшін жергілікті полиция оларды ұстап әкеткен еді.
Полицияның мәліметінше, футбол матчы өтіп жатқан кезде үш ер адам айналасындағыларға құрметсіздік білдірген. Қоғамдық тәртіпті бұзған. Полиция олардың масаң күйде болғанын мәлімдеді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: