Астанада Koktal Run марафоны өтеді
Фото: gov.kz
gov.kz
Қазақстан жаңалықтары15 қазан 2024, 12:00

Астанада Koktal Run марафоны өтеді

Астанада Республика күніне орай Сарыарқа ауданында Koktal Run жүгіру марафоны өтеді, деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты. 19 қазан Koktal Run жүгіру марафоны ұйымдастырылады. Оған жеңіл атлетиканы ұнататын әрбір тұрғын қатыса алады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жүгіру қашықтығы:

1. Балалар (14 жасқа дейінгі ұлдар): 2 км;2. Балалар (14 жасқа дейінгі қыздар): 1 км;3. Ересектер (18-49 жасқа дейінгі ерлер): 5 км;4. Ересектер (18-49 жасқа дейінгі әйелдер): 5 км.5. 50 жастан асқан ерлер/әйелдер (5 км қашықтық);

Қатысушылар саны – 500 адам.

Күні: 19.10.2024, сағ. 09:00, марафонға қатысушыларды тіркеу 19.10.24 8:00-ден 9:00-ге дейін.

Өтетін орны: «Көктал» саябағы, Бейбарыс Сұлтан көшесі.

Марафон соңында балалар мен ересектер арасында 1-2-3 орындарға қатысушылар марапатталады. Марафон жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медаль және бағалы сыйлыққа ие болады.

Маман жүгірудің, жиі жаяу жүрудің пайдасы туралы айтқан болатын.

Koktal Run Астана Марафон

Тақырыпқа жаңалықтар