Астанада Tesla тізгіндеген 14 жастағы жасөспірім полициядан қашып кетпек болған
Жол ережесін өрескел бұзған жасөспірім полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай, қашуға әрекет жасаған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Жасөспірім ұсталып, көлік арнайы тұраққа қойылды. Көлікте оның кәмелетке толмаған досы да болған.
Артынша биыл наурыз айында дәл осы көліктің бірнеше рет жол ережесін бұзғаны белгілі болды.
Полицейлер жүргізуші куәлігінсіз көлік басқару және жүргізуші куәлігі жоқ адамға көлікті жүргізуге беру деректері бойынша әкімшілік хаттамалар рәсімдеді. Сонымен қатар жасөспірімнің ата-анасы өз міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: