Қазақстан жаңалықтары21 мамыр 2024, 12:34

Астанада жалған көлікті ұтысқа қойып, жұртты 8 миллионға алдаған

Не ақша жоқ, не көлік жоқ. Астананың бірнеше тұрғыны алаяқтардың арбауына түсіп, миллиондаған қаржысынан айырылып қалды. Арам пиғылдылар оларды жалған көліктің ұтыс ойынына қатысуға шақырып, 8 миллион теңге көлеміндегі ақшаны қалтасына басқан, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы КТК телеарнасы жариялады.

Алданғанын кеш түсінген тұрғындар полицияға да арызды уақыт өткізіп барып жазған.

Дегенмен алаяқтар алысқа ұзамады.

Тәртіп сақшылары Шымкенттің үш тұрғынын ұстады.

Жеңіл пайда табуды көздеп айласын ғаламторда жүзеге асырғандардың жасы небәрі 23-26 аралығында.

Фейк ұтыстың ұйымдастырушылары кінәсін толық мойындаған.

Олардың бұдан бұрын жасалған осындай қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Осындай интернет алаяқтар биылдың өзінде Астана тұрғындарын бір миллиард теңгеден астам қаржыға алдаған.

Астана автомобиль лотерея Алаяқтар

Тақырыпқа жаңалықтар