Астанада жедел жәрдем басшылары 850 млн теңге жымқырған

Астанада жедел жәрдем басшылары 2020-2023 жылдар аралығында жедел медициналық жәрдем станциясының бюджет қаражатын ұрлаған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Тергеу мәліметінше, санитарлық автокөлік бөлшектері заңсыз есептен шығарылып, жалған қызмет көрсету шарттары жасалған.

«Салдарынан жұмыс істейтін автокөліктердің саны азайып, қалғандары қосалқы бөлшектерді жымқыру салдарынан пайдаланудан шығарылған», - дейді прокуратурадағылар.

Қазіргі уақытта «103» автопаркі толығымен қалпына келтірілді.

Барлығы 4 қызметкер, оның ішінде 2 орта буынды басшы мен станция директоры ұсталды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Астана жедел жәрдем медицина Пара

Тақырыпқа жаңалықтар