Астанадағы төрт баланың өмірін қиған өрт: Қылмыстық іс қозғалды
Астаналық ТЖД
Astana TJD
Қазақстан жаңалықтары17 қараша 2024, 18:22

Астанадағы төрт баланың өмірін қиған өрт: Қылмыстық іс қозғалды

Астана қаласында төрт баланың өмірін қиған өртке қатысты қылмыстық іс қозғалатын болды. «Балалардың қаза болуына әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына байланысты жеке екі қабатты тұрғын үйде болған өрт фактісі бойынша ТЖД анықтау бөлімі ҚР ҚК 292-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы елордалық ТЖД хабарлады. 

Тергеу нәтижелері тексеру аяқталғаннан кейін айтылады», — деп жазды ведомствоның баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, бүгін таңертең Астанада жеке тұрғын үй өртеніп, 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған төрт бала қаза тапты.

Астана Өрт төрт бала өлім

Тақырыпқа жаңалықтар