Астаналық белсенді Элвира Бекзадина екі айға үйқамаққа алынды

Астаналық белсенді Элвира Бекзадина екі айға үйқамаққа алынды. Бұл туралы Азаттық Радиосына белсендінің адвокаты Мейіржан Досқараев айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.

"Кеше кешке Астана қаласының тергеу соты оны екі ай үйқамаққа қамады" деді адвокат 19 желтоқсанда.

Адвокат пен белсенділердің айтуынша, қоғамдық-саяси мәселелерге пікірін ашық айтып жүрген белсенді Элвира Бекзадина 16 желтоқсанда күндізгі сағат 11-де Астанада саяси құрбандарға гүл шоғын қою үшін кішкентай екі қызын ертіп үйінен шыққан.

Дәл сол кезде 9 күштік құрылым өкілі келіп (төртеуі – арнайы жасақ, екеуі ювеналды полиция қызметкері) оларды ұстап әкеткен.

Белсендінің үстінен 380-бап ("полиция қызметкеріне күш көрсету") бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Астана белсенді ұсталды полиция

Тақырыпқа жаңалықтар