Қазақстан жаңалықтары23 ақпан 2024, 9:00

Астаналық полицейлер көліктегі заң бұзушылықты жаңа әдіспен анықтайды

Астана жолдарындағы жол-көлік қауіпсіздігін сақтау мақсатында заң бұзушылықты анықтайтын жаңа әдіс пайдаланылады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Астанада 21 ақпаннан бастап Ekin Patrol G2 мобильді аппараттық-бағдарламалық кешенімен жабдықталған 5 патруль машинасы жолға шықты.

Ekin Patrol G2 кешені қарама-қарсы және бір бағытта келе жатқан автокөліктердің жылдамдық режимін бұзудерегін бірдей тіркейтін мүмкіндікке ие.

Сондай-ақ 360 градусқа жан-жағын шолып қарайтын панорамалық бақылау кешені арқылы іздеуде жүрген көлік құралдарын тануға болады. Бұл функция осындай автокөліктерді ұстау үшін жедел әрекет жасауға ықпал етеді.

Кешеннің мобильді әрі көп функционалды болуы камералары жоқ көшелердің учаскелерінде жылдамдық режимін бұзу тәртібін де тіркейді.

Астана көліктер Заң бұзушылық жаңа әдіс

Тақырыпқа жаңалықтар