Астаналықтар енді шетелге шықпауы мүмкін

Астанада 78 мыңнан астам адам мемлекетке қарыз, деп хабарлайды Arbat.media.

Олардың басым бөлігі көлік салығын төлемеген. Салық төлеуден жалтарып жүргендер туралы Мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдеді. Олар шетелге шыға алмауы мүмкін.

Айта кетейік, қарыздың бар-жоғын «eSalyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады. Елден шығуға уақытша шектеу қойылғандардың тізімін Әділет министрлігінің сайтынан көре аласыз.

полиция Шетел салық төлем

Тақырыпқа жаңалықтар