Атырауда жолдар ашылып, бүлінген нысандар қалпына келтіріліп жатыр
Атырау облысында кеше соққан қатты дауыл салдарынан бірқатар ғимараттардың шатыры зақымданды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Төтенше жағдай Атырау қаласы мен Құрманғазы, Махамбет, Мақат аудандарында тіркелді.
Көктайғаққа байланысты уақытша жабылған Атырау-Орал, Атырау-Ақтөбе және Атырау-Бейнеу тас жолдары қайта ашылды. Жолдарға тұз себіліп, кезекшілік ұйымдастырылды.
Қатты жел салдарынан 105 нүктеде электр жарығы өшіп, 40 бригада жұмылдырылды. Қазір жарық толық қалпына келтірілді. 20 нысанда жөндеу жұмыстары басталды.
Білім беру ұйымдары бүгін онлайн форматта оқып жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: