Атыраудағы қанды қылмыс: Индонезияда ұсталған Ақбаян Мұқанғалиева туралы тың дерек шықты
Атырау облысындағы Жангелдин ауылында жоғалған отбасыға қатысты қылмыс ашылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Полицияның мәліметінше, 2025 жылдың желтоқсан айында полицияға 66 жастағы ер адамның, 64 жастағы әйелдің, сондай-ақ олардың балалары – 32 жастағы ұлы мен 35 жастағы қызының хабар-ошарсыз кеткені туралы хабарлама түсті.
Туыстарының айтуынша, отбасы қараша айынан бері байланысқа шықпаған. Төртеуі де жоғалып кеткен адамдар ретінде іздеуге жарияланды. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, жедел-тергеу тобы құрылды.
«Өткен жылдың желтоқсан айының соңында Атырау қаласының тұрғыны полицияға хабарласып, ағасы мен оның отбасы ұзақ уақыт бойы байланысқа шықпай жүргенін айтты. Жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде өлтірілген адамдардың мәйіттері әртүрлі жерлерден көмілген күйде табылды», - деді ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.