Қазақстан жаңалықтары25 желтоқсан 2023, 13:34

Автобустан монша жасап алды

Арқалық қаласының тұрғыны кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасына қатысып, 1 млн 380 мың теңгенің грантын ұтып алған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Нәтижесінде, баяғы шопандардың ауы­лын аралап жүретін автомонша жасап алып, елден саяқ қонған малсақ ағайынның қажетін өтеп жүр.

Ол мемлекеттен алған қар­жыға күтімі жақсы көне автобус сатып алып, оны төрт адамдық моншаға айналдырған. Жылжымалы монша барынша қауіпсіз әрі жуынуға да ыңғайлы.

«Қай­тарымсыз қаржыға автобус, 220 вольттық электр қуатын беретін қозғалтқыш, пеш тәрізді қа­жетті дүниелерді сатып алдым. Автобустың ішін жылу ұстағыш материалмен қаптадым. Енді моншам қақаған аязды күндері де қай­нап тұратын болды.  Қызметім қымбат емес, қалтаға күш түсірмейді, тұты­нушыларым да дән риза. Кей­де балықшылар, табиғат аясында демалып жат­қандар, қашықта тұратын шаруалар, пішен­шілер мен малшылар, кейде шалғайдағы шағын ауылдар шақырады. Шақырған жерде су болса болды, арнайы сорғышпен су сорып, мон­шаның бөшкесін толтырып аламын», дейді кәсіпкер.

Автомоншаның шай ішіп дема­луға арналған жеке бөлмесі, буханасы, душы, тоңазытқышы бар.

Тіпті қайың сыпырғыш, буханаға кие­тін баскиім, қолғап, тәпішке секілді моншаға түсуге қажет дүниелер де табылады.

 

автобус монша Арқалық кәсіпкер Грант
18 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
19 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
19 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар