“Аяғым қайда деп жылайды": Астанада автобус апатынан аяғынан айырылған қыздың суреті желідегілерді жылатты

Астанада автобус апаты салдарынан аяғынан айырылған оқушының ағасы қыздың жағдайын баяндады, деп хабарлайды Arbat.Media Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ағасының айтуынша, Алуа үнемі аяғының қайда екенін сұрап, жылайды. Оның бұл сұрағы жанды қинайды дейді. Қыз күндіз-түні ұйықтамайды екен.

Балалар омбудсмені Динара Зәкиева ауруханаға барып, қыздың жағдайын біліп қайтқан. Оқушының анасымен анасымен оңалту және протездеу мәселелерін талқылапты. Алуа ауруханадан алып кетуді, көшеге шығуды сұрапты.

Бұған дейін 2 маусым күні кешке Астанада жолаушылар автобусы "Самал" ықшамауданының маңында бағанаға соғылған еді. Салдарынан 15 адам жарақат алған. Ал бір қыздың алған жарақатына байланысты аяғы кесілген.

Астана автобус Апат зардап

Тақырыпқа жаңалықтар