1 млрд теңгеге жуық субсидияны жымқыру деректері анықталды
Прокуратура тексерісі барысында шаруа қожалықтарының өндірілген сүт көлемін жалған құжаттар арқылы бірнеше есе асырып көрсеткені белгілі болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Түркістан облысы прокуратурасының мәліметінше, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында жүргізілген тексеру жүйелі заң бұзушылықтарды анықтаған.
Атап айтқанда, Сайрам ауданындағы шаруа қожалықтары жалған мәліметтер мен құжаттарды пайдаланып, өндірілген сүт көлемін нақты көрсеткіштен 8 есе артық көрсеткен. Осылайша бюджеттен заңсыз субсидия алу деректері тіркелді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: