Қазақстан жаңалықтары8 желтоқсан 2023, 12:23

Аялдаманы қиратып, үйдің қаптамасын бұзған

Астанада полицейлер қоғамдық тәртіпті бұзғандарды анықтады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Алматы ауданының полициясына Нәжімеденов көшесі, 52 мекенжайында жұмысшы үйдің қаптамасын сындырып жатқаны туралы хабар түскен. 

Құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Ол көп ұзамай ұсталды, оқиға материалдары сотқа жолданды. 

Құқық қорғау органдары кәмелетке толмаған құқық бұзушыны анықтады, ол Кемеңгерұлы, 13 мекенжайында жылы аялдаманың ішкі қаптамасына зақым келтірген. Полиция істі қарайды.

Жылдың басынан бері елорда полициясы вандализмнің 100-ден астам фактісін анықтады.

Қаланы күнделікті екі мыңнан астам полиция қызметкері патрульдейді.

 

Астана полицейлер қоғамдық тәртіп аялдама

Тақырыпқа жаңалықтар