Қазақстан жаңалықтары5 сәуір 2024, 2:40

Бағжан Октябрьдің Салтанат Нүкеноваға арнаған композициясы тарады

Танымал әнші Өктем Алтаевтың ұлы, виолончелист Бағжан Октябрь марқұм Салтанат Нүкеноваға арнап, композиция орындады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Желі қолданушылары мен танымал блогерлер, шоу-бизнес өкілдері жаппай парақшаларында бөлісіп жатыр.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Bagzhan Oktyabr (@clvdeex)

- Бишімбаевтың сотын көріп жатырсыздар ма?! Марқұмды қаралап, түрлі нәрсе айтып жатыр. Оның ойы, “Салтанатты періште көрмей-ақ қойыңдар” дегенге келіп тұр. Өзі сүттен ақ, судан таза сияқты, – деген пікір жазылған онда.

Сондай-ақ, марқұмға арнап, “Гауһартас” фильмінің саундтрегін орындады.

Алайда бұл туындының сюжеті мен тарихын білмейтіндер де бар.

- Менің түсінуімше, бұл музыка мен тарихты бәрі бірдей біле бермейді. Мен де кездейсоқ орындаған жоқпын. 1975 жылы түсірілген “Гауһартас” фильмі. Басты рөлдегі қыздың аты – Салтанат. Фильмде оның өмірі қайғылы аяқталады, – деп жазды музыкант.

Желі қолданушылары қоғамды дүрліктірген оқиғаға қатысты түрлі пікір жаудырып жатыр.

 

виолончелист Бағжан Октябрь Салтанат Нүкенова композиция арнау
24 маусым 2026 Эхо Москвы
Кеше, 9:35 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 10:11 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 10:26 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар