Қазақстан жаңалықтары15 желтоқсан 2023, 12:12

Балабақша тәрбиешісі бір жасар баланы ұрып-соққан

Ақтаудағы балабақшалардың бірінде кішкентай қызды соққыға жыққан тәрбиеші тергеуге алынды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қыздың анасы полицияға арызданған. Оның айтуынша, балабақша тәрбиешісі балаға қол көтерген. Қыздың анасы баланың денесінде де көгерген іздер байқалғанын айтты.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін балабақшада орнатылған бейнебақылау камерасына жазылған материалдар зерттелді. Бейнежазбаға қарағанда, тәрбиеші балаларды ұйықтатып жатқан. Кенеттен ол бір баланы жатқан жерінен жұлқып алып, бетінен ұрып, жастыққа лақтырып жіберген
 
«Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі (Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, 30 жастағы тәрбиеші тергелді. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды», деп түсіндірді полиция қызметкерлері.
 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Mangystau | Aqtau басты жаңалықтар алаңы (@ladakz_qz)

 

Ақтау Балабақша Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар