Балабақшада 6 бала скарлатинаға шалдығып, біреуі қайтыс болды
БҚО-ның Тасқала ауданы орталығы Тасқала ауылындағы балабақшада 6 бала скарлатинаға шалдыққан, - деп хабарлайды Arbat.media.
БҚО санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті Тасқала ауданы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен бұл балабақша карантинге жабылғанын жеткізді.
Ауру ошағында эпидемиологияны тексеру жүріп жатыр.
Скарлатинаға шалдыққан балалардың біреуінің жағдайы ауырлап қайтыс болды.
Үшеуінің жай-күйі орташа.
«Қыз бала өлімінің нақты себебі паталогоанатомиялық зерттеу қорытындысынан кейін белгілі болады» деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: