Балаларды суицид жасауға итермелейтін 15 мың сайт пен сілтеме бұғатталды
ФОТО: Depositphotos
Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары2 қазан 2024, 12:00

Балаларды суицид жасауға итермелейтін 15 мың сайт пен сілтеме бұғатталды

Бас прокурор Берік Асылов кейінгі кезде балалардың өзіне-өзі қол жұмсау дерегі көбейгеніне қатысты пікір білдірді. «Балалардың өзіне-өзі қол жұмсау толқыны қоғамда резонанс тудырды. Прокурорларға әр факт бойынша тергеуді ерекше бақылауды тапсырдым. Жалпы, әлеуметтік желілер балалардың суицид белсенділігіне әсер ететіндіктен прокурорлар 15 мың зиян сайт пен сілтемені бұғаттауға қол жеткізді», - деп жазды «Х» әлеуметтік желісіндегі парақшасында, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қиын тұрмыстық жағдайдағы отбасылармен жұмыс істеліп жатқанын атап өтті. Мемлекеттік органдармен суицидтің алдын алу бойынша шұғыл шаралар кешені әзірленеді.

суицид Интернет Прокуратура бұғаттау

Тақырыпқа жаңалықтар