Қазақстан жаңалықтары28 наурыз 2024, 1:15

Бәрі ойдан құрастырылған: Бишімбаев кінәсін мойындамады

Астанада Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Сот барысында Бишімбаев айыптаушы тарап таққан айыппен келіспей, кінәсін мойындаудан бас тартты, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Кінәмді мойындамаймын. Сотқа дейінгі тергеуде де, еш жерде өз оқиғамды айтып беруге мүмкіндік берілмеді. Прокурордың жаңа ғана оқып шыққаны ойдан құрастырылған, оның бәрі расталмаған және дәлелденбеген. 110-бап бойынша ешқандай қылмыс жасамадым, мен кінәні мойындамаймын», деді Бишімбаев.

Сот барысында екінші күдікті Бақытжан Байжанов та сөз сөйлеп, оқиға болған күні Салтанат Нүкенованың қайтыс болғанын білмегенін айтты.

«Бейнежазбаларды өшірткенім рас, Салтанаттың ұялы телефонын да үйіне апаруды сұрадым. Бірақ қылмыс жасағанымды білмедім, сол сәтте оның қайтыс болғанын да білмедім», деді Байжанов.

 

Бишімбаев кінәсін мойындамады сот отырысы
26 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
25 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар