Баспана кезегінде тұрғандарға үй табыс деңгейіне байланысты беріледі
Баспана кезегінде тұрғандарға тұрғын үй есепке тұрған күніне және табыс деңгейіне байланысты беріледі, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Азаматтарды тұрғын үй кезегіне қою кезінде негізгі талаптардың бірі — олардың меншігінде баспана болмауы керек. Қазір қолданыстағы заңнамаға сәйкес кезекке тұру үшін соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үйі болмауы қажет. Мұқтаж азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа тәсілдеріне байланысты, кезекке жаңадан тұратын азаматтар үшін осы мерзімді 10 жылға дейін ұлғайту көзделген», — деді Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.
Бұдан бұрын хабарланғандай, заң жобасы аясында «Отбасы банкі» акционерлік қоғамы ұлттық даму институты болып қайта құрылады.
Оған азаматтарды есепке қою мен тұрғын үй бөлу жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың функциялары беріледі.