Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Бүгін циклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Arbat.media.
Күндіз елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында жаңбыр қатты жаууы мүмкін.
Республика бойынша найзағай ойнап, бұршақ жауады. Дауыл тұрып, жел күшейеді. Еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады.
Астанада күн ала бұлтты, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +23+25°C, желдің жылдамдығы күндіз 9-14 м/с.
Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +30+32°C, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.
Шымкентте күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +35+37°C, желдің жылдамдығы 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с-ге жетеді.