Белгілі журналист өмірден өтті

Белгілі журналист Серғазы Мұхтарбеков қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Белгілі журналист, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, «Қазақстан» газетінің бұрынғы бас редакторы Серғазы Мұхтарбеков 65 жасында өмірден өтті.

Қайғылы қазаны мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи мәлімдеді.

«Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, «Қазақстан» газетінің бұрынғы бас редакторы Серғазы Мұхтарбеков дүниеден өтті. Алла тағала рухын өз панасына алсын!» – деді ол.

Серғазы Мұхтарбеков 1961 жылдың 5 мамырында дүниеге келген. Журналистің басшылығымен «Қазақстан» газеті қоғамдық-саяси мәселелерді көтерді. Оның еңбегі Қазақстанда объективті әрі тәуелсіз журналистиканың қалыптасуына зор үлес қосты.

Ақпарат Қаза Журналист

Тақырыпқа жаңалықтар