Қазақстан жаңалықтары14 желтоқсан 2023, 9:00

Бес қалада жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

Қазақстанның бес қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, - деп хабарлайды Arbat.media.

«2023 жылғы 14 желтоқсанда Астана, Алматы, Өскемен, Семей, Риддер қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

метеорология Қазгидромет

Тақырыпқа жаңалықтар