Бишімбаев ісінің судьясы қоқан-лоққыларға байланысты күзетке алынды
Бишімбаевтың ісін қарап жатқан судья Айжан Құлбаева келіп түскен қоқан-лоққыларға байланысты күзетке алынды Ресми мәлімет бойынша, Астана полиция департаменті судья Айжан Құлбаеваны қорқыту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Судьяның телефонына белгісіз нөмірден қоңыраулар мен хабарламалар арқылы қоқан-лоққылар келіп түсті, Қылмыстық кодекстің 407-бабының 1-бөлігі («Соттың қызметіне кедергі жасау мақсатында араласу») бойынша сотқа дейінгі өндіріс жүргізілуде. Судьяға жеке қауіпсіздік шаралары қарастырылған», - делінген Жоғарғы Соттың баспасөз хабарламасында.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: