Қазақстан жаңалықтары28 мамыр 2024, 0:12

Бишімбаевты ұстаған полицейлер жазаланды

Астанада Бишімбаевты ұстаған екі полиция қызметкері қатаң сөгіс алды. 9 сәуір күні өткен сот отырысында Қуандық Бишімбаевты ұстаған полиция қызметкерлері бейнеленген видео көрсетілді. Көшедегі полицейлер күдіктінің қол кісенін шешіп, темекі берген. Полиция бөлімшесіне жөнелту кезінде сотталушымен әңгімелесу барысында тәртіп сақшыларының бірі «Ол өзі мазаңды алған шығар?» деп сұраған. Осы әңгіменің барлығы видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады

«ҚҚР «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 19, 56-57-баптарына, сондай-ақ қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін тәртіптік комиссияның шешіміне сәйкес Патрульдік полиция полкі қызметінің инспекторына сөгіс жарияланды. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-2-бабының талаптарын бұзғаны үшін (Қоғамдық орындарды ластау) Астана қаласы ІІБ Есіл ауданының жедел уәкіліне қатаң сөгіс жарияланды», деп хабарлады ведомстводан.

Еске салайық, Қуандық Бишімбаев өзінің азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіріп, азаптағаны үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылған.

Бишімбаев полицейлер жазаланды

Тақырыпқа жаңалықтар