Биыл 583 мыңға жуық көпбалалы отбасы жәрдемақымен қамтылды
Фото: Halyq Uni
Halyq Uni
Қазақстан жаңалықтары18 қыркүйек 2024, 14:00

Биыл 583 мыңға жуық көпбалалы отбасы жәрдемақымен қамтылды

Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 582,7 мың отбасы қамтылды, оларға 313,7 млрд теңге төленді. Оның ішінде тамыз айында 577,9 мың отбасыға 38,8 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы аударылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2024 жылы:

 

  • 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге;
  • 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге;
  • 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге;
  • 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге;
  • 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 14 768 теңге мөлшерінде төленеді.

 

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 7%-ға артқанын айта кету керек.

Ал биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 474 млрд теңге қарастырылған.

583 мың көпбалалы отбасы жәрдемақы

Тақырыпқа жаңалықтар