Биыл елімізде 60,5 миллиард текше метр газ өндіріледі
ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев биыл Қазақстанда 60,5 млрд текше метр газ өндіру жоспарланып отырғанын хабарлады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,3 пайызға көп, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Egemen.kz жазады.
Энергетика министрлігінің мәлімтінше, 2024 жылдың қаңтар-маусым айларында 30 млрд текше метр газ өндірілген, бұл жылдық жоспардың 49,5%-ын құрайды. Газ өндірудің негізгі өсімі Қарашығанақ, Теңіз және Қашаған сияқты ірі кен орындары есебінен қарастырылған.
«2023 жылы тауарлық газ өндіру көлемі 29,8 млрд текше метрді құрады. 2024 жылға арналған жоспар 29,8 млрд текше метр болса, онда бірінші жартыжылдықта 14,9 млрд текше метр өндірілді, бұл 2024 жылға арналған жоспардың 50 пайызын құрайды», деп түсіндірді Алмасадам Сәтқалиев.
Министрдің айтуынша, 2023 жылы тауарлық газдың жалпы көлемінің 19,4 млрд текше метрі ішкі нарық қажеттілігіне жеткізілген. 2024 жылға арналған болжамды тұтыну көлемі шамамен 20,9 млрд текше метрді құраған.
Ал 2023 жылы сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі 1,6 млн тоннаны құраған еді. Министр 2024 жылға арналған жоспардың да осындай екенін атап өтті. 2024 жылдың қаңтар-маусым айларында 0,8 млн тонна сұйытылған мұнай газы өндірілген.