Қазақстан жаңалықтары28 ақпан 2024, 7:00

Биыл Қазақстанның кезекті “Қызыл кітабы” жарыққа шығуға тиіс.

“Қызыл кітап” деген сөз көпшілікке жақсы таныс. Бұл кітапқа жойылып бара жатқан және қорғауға мұқтаж жануарлар, жәндіктер, құстар, өсімдіктер кіреді. “Қызыл кітап” әр он жыл сайын жаңартылып отырады. Биыл Қазақстанның кезекті “Қызыл кітабы” жарыққа шығуға тиіс, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Tanym Media телеграм арнасы жазады.

“Қызыл кітаптан” бөлек жаңартылып шығарылып отыратын еңбектер бар, олар — табиғат туралы іргелі ғылыми басылымдар. Бірақ бұл салада соңғы 30 жылда тоқырау болғаны жасырын емес, қаржылық қолбайлау салдарынан ғалымдар өз саласындағы зерттеулерді жарыққа шығара алмай келеді.

Табиғат туралы іргелі еңбектер мына жылдары соңғы рет шығыпты:

”Қазақстан геологиясы” - 1981 жыл”Қазақстан топырағы” - 1981 жыл”Қазақстан флорасы” (9 том) - 1958-1966 жж.”Қазақстан бауырымен жорғалаушылары” - 1956 жыл (!)”Қазақстан құстары” (5 том) - 1960-1974 жж.”Қазақстан сүтқоректілері” (4 том) - 1969-1985 жж.”Қазақстан балықтары” (5 том) - 1986-1992 жж. ”Қазақстан ландшафты” - 1992 жыл”Қазақстан климаты” - 1975 жыл.

Бұл академиялық ғылыми іргелі еңбектер. Ғалымдар көз майын тауысып, ғылыми экспедициямен ел аралап жазған.

Орыс тілінде жарық көрген (қазақша жинақ, энциклопедия, анықтамалық шығару туралы айтсақ көздің жасы көл болады).

Еліміз табиғи байлықтың арқасында күн көріп отыр. Ал сол байлықтың көзі - табиғатты зерттеуге қаржы жоқ.

Жаһандық жылыну, климаттың өзгеруі тренд тақырыптар, ал Қазақстан климаты туралы ғылыми еңбек 1975 жылдан бері шықпаған.

Аталған жинақтарды шығаруға шұғыл түрде мемлекеттік тапсырыс жасалып, қаржы бөлінуге тиіс.

Академик Нұғман Аралбай “Қазақстан флорасын” қазақша шығаруға ондаған жылдан бері қаржыландыру көзін таппай келеді, деп жазады Tanym Media телеграм арнасы.

Қызыл кітап Қазақстан ғылыми басылымдар Қазақстан климаты

Тақырыпқа жаңалықтар