Мектепте жол жүру ережесі міндетті пән ретінде енгізілуі мүмкін
ІІМ мектепте жол жүру ережесін міндетті пән ретінде енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев жол қозғалысы ережелерін оқытуға мектеп бағдарламасында жеткілікті уақыт бөлінбейтінін айтты.
Оның сөзінше, бұл бағытта Қазақстан мен өзге елдердің арасында елеулі айырмашылық бар.
"Мұндай сабақтар оқушылардың заңға бағыну мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі. Олар көлік жүргізгенге дейін жолда өзін жауапты ұстауға үйренеді”, – деді ол.
Жыл басынан бері елімізде жол-көлік оқиғаларынан 176 бала көз жұмған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: