ӘлемБүгін, 15:37

Иордания Королі Тоқаевты «Әл-Нахда» жоғары орденімен наградтады

ІІ Абдалла Қасым-Жомарт Тоқаевты Иордан Хашимит Корольдігінің «Әл-Нахда» жоғары орденімен наградтады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Иордания Королі ІІ Абдалла Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Иордан Хашимит Корольдігінің «Әл-Нахда» жоғары орденін тапсырды.

Король Мемлекет басшысының Иордания мен Қазақстан арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту ісіне елеулі үлес қосқанын атап өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Корольдіктің жоғары мемлекеттік наградасымен марапаттағаны үшін ІІ Абдалла бен әл-Хусейнге және достас иордан халқына алғыс айтты.

Ақорда Награда Марапат Тоқаев
25 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары
25 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары
25 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар