Қазақстан жаңалықтары4 наурыз 2024, 15:17

Болжам: Алдағы күндері Алматыда жойқын жер сілкінісі болмайды

Алдағы күндері Алматы аумағында жойқын жер сілкіністері болмайды. Болжамның дөп келу ықтималдығы — 70%. Сейсмикалық бақылау мен зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссиясы осындай мәлімет таратты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Операциялық сейсмикалық деректерді талдай отырып, комиссия 2024 жылдың 4 наурыз күні 12 сағат 20 минутта Алматы болжам жасау полигонында сейсмикалық жағдай тұрақты екенін атады.

Бүгін сағат 11:22-де (Гринвич бойынша) Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында болған жер сілкінісінің магнитудасы 6.1 балл, ал Алматыда сезілуі 5 балл, эпицентрде MSK-64 шкаласы бойынша 5-6 балл болды.

Комиссия жер сілкінісінен соң дүмпулер болады деп санайды.

"Сейсмикалық бақылау мен зерттеу Ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссия жақын арада күшті жер сілкіністері 70% күтілмейді деген қорытындыға келді.

Сейсмикалық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы бақылауды жалғастырады.

Жоғарыда аталған комиссияның келесі отырысы осы жылдың 6 наурызында алдағы сәрсенбі күні өтеді.

Алматы Жер сілкінісі болжам сейсмологтар
31 наурыз 2026 Қазақстан жаңалықтары
31 наурыз 2026 Қазақстан жаңалықтары
31 наурыз 2026 Қазақстан жаңалықтары
31 наурыз 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар