БҚО-да жол апатынан 3 адам көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында жол апаты болып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қайғылы жағдай 16 желтоқсан күні кешкі сағат 20:30-да болған. KIA K5 көлігін тізгіндеген 36 жастағы жүргізуші рульді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Ол 51 жастағы жүргізуші басқарған ВАЗ-2104 автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан ВАЗ-2104 көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Полиция мәліметінше, көлік құралдары арнайы айып тұрағына қойылды. Қылмыстық іс қозғалып, KIA K5 жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.

БҚО Апат Адам Аурухана
Бүгін, 15:19 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 16:26 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 13:30 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 13:33 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар