Қазақстан жаңалықтары27 мамыр 2024, 9:58

Бүгін бес облыста үсік жүреді - Қазгидромет

«Қазгидромет» РМК-сы мамырдың 27-сі күнгі күн райы болжамын жариялады. Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, циклон және онымен байланысты суық атмосфералық ағындар ҚР басым бөлігінің күн райына әсер етеді, соның салдарынан түнде жауын-шашын, шығыста қатты жаңбыр, қар жауады, елдің солтүстік-шығысында қатты жаңбыр өтеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Елдің оңтүстігінде ғана антициклонның әсерінен күн ашық, жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша екпінді жел соғып, найзағай ойнайды, елдің солтүстігінде бұршақ жауады, орталығында дауыл тұрып, оңтүстік-шығыста түнде тұман түседі, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Түнде Ақмола, Қарағанды облыстарының батысында, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде топырақ бетінде, таулы аудандарында 1-2 градус үсікжүреді.

Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, Қызылорда облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында, Абай облысының орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының шығысында, Түркістан облысының шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Бес облыс Қазгидромет үсік жүреді аауа райы
11 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
11 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
12 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар