Бүкіл халық атынан Ата заңымызға қол қойдым - Тоқаев
Ақордада елдің негізгі заңын қабылдауға арналған салтанатты рәсім өтті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құжатқа қол қойып, 15 наурыздағы референдумда қабылданған жаңартылған Конституцияны іске асыру шаралары туралы жарлыққа да қол қойды.
«Мен Мемлекет басшысы ретінде бүкіл халық атынан Ата заңымызға қол қойдым. Сонымен қатар Конституцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойдым.
Енді Халық Конституциясы 1 шілдеден бастап ресми түрде өз күшіне енеді. Ал Конституция күнін мемлекеттік мереке ретінде ұлттық деңгейде жыл сайын 15 наурызда атап өтетін болдық.
Еліміздің барша халқына Ата заңымыз құтты болсын дегім келеді!» - деді Президент.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: