Қазақстан жаңалықтары22 мамыр 2024, 13:00

Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев тағы бір ай қамауда отырады

Экс-министрді қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды. «2024 жылғы 15 мамырда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М. Бекетаевқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылғы 21 маусымға дейін ұзартуды санкциялады», - делінген елорда сотының хабарламасында., - деп жазады Kazinform агенттігі.Еске сала кетейік, бұрынғы Әділет министрі былтыр қазанда лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталған еді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Антикордың мәліметінше, ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүддесін қолдаған. Бұл әрекет мемлекетке үлкен зиян келтірді. Қазір активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатыр, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Өткен жылы 29 желтоқсанда М. Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі 2024 жылғы 21 қаңтарға дейін ұзартылды.

Марат Бекетаев қамауда отырады Бұрынғы Әділет министрі

Тақырыпқа жаңалықтар