Бюджеттен 8,5 млрд теңге жымқырған күдікті Ресейден табылды

Ресей Федерациясынан 2 жыл қатарынан бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікке ілінген азамат экстрадицияланды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Тергеу мәліметінше, құрылыс компаниясының басшысы 2020 жылдан 2022 жылға дейінгі аралықта адамдармен алдын ала сөз байласып, жалған шарттар жасасып, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес ұйымынан 8,5 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған. Аталған қаражат Ақмола облысында жел электр станциясын салуға арналған болатын.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып қалды. Оған халықаралық іздеу жарияланып, осы жылдың ақпан айында ол Ресей Федерациясының аумағында ұсталды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Қылмысқа қатысы бар басқа тұлғалар осы жылдың мамыр айында әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған еді.

Қылмыс Қаржы жымқырды бюджет

Тақырыпқа жаңалықтар