“Дәрігердің салғырттығы”: Астанада жүкті әйел ауруханада 1,5 сағат қансырап, сәбиінен айырылды
Елордалық ауруханада жүкті әйел медицина қызметкерлерінің салғырт жұмысының кесірінен баласынан айырылып, көп қан жоғалтты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Екі күн бұрын науқас жүктілікті үзу қаупімен №2 облыстық ауруханасына түскен. Бүгінде оның жағдайы күрт нашарлап қан кете бастады. Шұғыл жағдайға қарамастан, куәгерлердің айтуынша, 1 сағат 45 минуттан кейін ғана медициналық көмек көрсетілген. Салдарынан әйел баласынан айырылды.
Медициналық мекеме бұл дерек бойынша қызметтік тергеу басталғанын, оның қорытындысы бойынша шара қабылданатынын хабарлады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: