“Денесінің 95%-ы жарамсыз”: Оралда тоқ соққан бала көз жұмды

Оралда көпқабатты үйдің ауласында тоқ соққан тоғыз жасар бала қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Оқиға 30 сәуір күні кешке Исатай-Махамбет көшесіндегі көпқабатты үйдің ауласында болған.

Куәгерлердің айтуынша, бала сымдар арасында тұрып қалған добын алу үшін электр қосалқы станциясының төбесіне шыққан. Осы жерде баланы тоқ соққан. Бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі кішкентай науқастың жағдайы ауыр деп хабарлады.

«Ол қазір облыстық көпсалалы балалар ауруханасында, механикалық желдетуде жатыр. Жағдайы ауыр. Төртінші дәрежелі күйік, денесінің 95%-ы зақымданған», - деп хабарлады ведомстводан.

Бүгін, 2 сәуір күні «Мой город» басылымы баланың қайтыс болғанын жазды. Полиция тергеу жұмыстарын бастады.

Тоқ орал соқты Бала

Тақырыпқа жаңалықтар