Депутат Қытайда өндірілген жедел жәрдем көліктерінің шығыны көп екенін айтты

Асхат Аймағамбетов жедел жәрдем қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Айтуынша, жедел жәрдем жүргізушілерін сатып алынатын көліктердің сапасы алаңдатады. Бұл, әсіресе, Қытайда өндірілген машиналарға қатысты.

"Солтүстік өңірлерде жүргізушілер ашық айтады: мұндай көліктерге қызмет көрсетуге бірнеше есе көп шығын кетеді, қосалқы бөлшектерді ұзақ күтуге тура келеді, ал сапасы көңіл көншітпейді", - дейді депутат.

Айтуынша, жүргізушілер тіпті көліктерді түні бойы сөндірмей қоятынын айтты. Себебі таңертең оларды оталдыру мүмкін болмай қалатын жағдайлар бар.

депутат медицина жедел жәрдем Қызмет

Тақырыпқа жаңалықтар