Димаш Құдайберген туралы кітап жарыққа шықты
Димаш Құдайберген туралы кітап жарыққа шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.
«Алматыкітап баспасы» DimashAli орталығымен бірлесіп, қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылық жолына арналған «Димаш Құдайберген: Шексіз музыка» атты жаңа кітап-альбомын шығарды.
Басылымға әртістің архивтік фотосуреттері, концерттік материалдары, жеке естеліктері мен бұрын жарияланбаған шығармашылық сәттері енгізілген.
Кітап-альбом қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрді. Қазір баспа дүкендерінде сатылымда.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: