Димаш Құдайбергеннің ерекше бейнебаяны жарық көрді
Димаш Құдайбергеннің ерекше бейнебаяны жарық көрді, деп хабарлайды Arbat.media.
Кеше, 15 мамырда әнші «Тау ішінде» атты жаңа бейнебаянын өзінің YouTube арнасында ұсынды.
Ән Сәкен Сейфуллиннің сөзі мен әніне жазылған. Клипте қазақ табиғаты мен ұлттық болмыс көркем бейнеленген.
Сонымен қатар Димаш #TauIshindeChallenge атты челлендж жариялады. Қатысу үшін 30 секундтық креативті видео түсіріп, TikTok немесе Instagram желілерінде #TauIshindeChallenge хэштегімен жариялау қажет. Челлендж 8–25 мамыр аралығында өтеді, ал жеңімпаз 26 мамырда Алматыда өтетін фан-кездесуде жарияланады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: